Чилиде астрономдар сирек кездесетін ғарыштық құбылысты тіркеді

Сурет: wikipedia
Чилидегі ең қуатты телескоптардың бірі Gemini South көмегімен астрономдар ерекше әрі өте сирек ғарыштық құбылысты байқады. Алыс жұлдыздың маңынан газ бен шаң бұлты анықталған. Аталған бұлт жұлдыздың жарықтығын шамамен тоғыз ай бойы 40 есеге дейін әлсіреткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Astronomical Journal (AstroJournal) басылымының жазуынша, Джонс Хопкинс университетінің астрофизигі Надия Закамскаяның айтуына сүйенсек, J0705+0612 деп аталатын жұлдыздың жарықтығы 2024 жылдың қыркүйегінде кенет төмендей бастаған.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай құбылыстар өте сирек кездеседі, себебі Күнге ұқсас жұлдыздар себепсіз "сөнбейді".

Зерттеу барысында жұлдыздың жарығын диаметрі шамамен 200 миллион километр болатын алып газ және шаң бұлты жауып тұрғаны анықталған. Бұл бұлт жұлдыздан шамамен 2 миллиард километр қашықтықта орналасқан. Басылым жаңа технологиялардың көмегімен ғалымдар бұлттың химиялық құрамын ғана емес, сонымен қатар газдың оның ішіндегі қозғалысын алғаш рет тікелей өлшей алғанын атап өтті. Спектрлік талдау барысында онда темір, кальций және басқа да металдардың іздері табылған.

Мамандардың пікірінше, бұл алып бұлт екі ғаламшардың соқтығысуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Соның салдарынан ғарыш кеңістігіне орасан көп шаң мен газ тараған.

Астрофизиктердің айтуынша, бұл жаңалық ғаламшарлық жүйелердің миллиардтаған жыл өткеннен кейін де қаншалықты белсенді әрі өзгермелі бола алатынын айқын көрсетеді. GHOST секілді жаңа құралдар ғалымдарға бұрын бақылауға келмеген жасырын құрылымдардың ішіне "үңілуге" мүмкіндік беріп, сол жерде жүріп жатқан үдерістерді зерттеуге жол ашып отыр.

Бұған дейін планетологтардың Марста "Солтүстік Мұзды мұхитқа" тең алып мұхит болғанын анықтағанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды