Ғалымдар күн сәулесіндегі магниттік дауылдардың себебін анықтады

Сурет: unsplash
Ғалымдар Күндегі магниттік дауылдардың пайда болуына себеп болатын қуатты магниттік динамо-механизмнің бар екенін растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Space.com басылымының жазуынша, бұл механизм Күн дақтарының қозғалысын қамтамасыз етіп, күшті күн жарқылдары мен тәждік массаның (короналық масса) лақтырылуына ықпал етеді.

Жердегі магниттік динамо Жердің сыртқы ядросында орналасқан. Онда балқыған темірдің қозғалысы (конвекция) электр тогын тудырып, магнит өрісін қалыптастырады.

Ал Күннің ядросы – атомдардан тұратын алып "ядролық пеш". Оның ішкі бөлігінің шамамен үштен екісі гамма-сәулелер таралатын аймақ болып табылады, сондықтан бұл жерде магнит өрісі түзілмейді. Күннің магниттік өрісі оның көрінетін бетінен шамамен 200 мың шақырым тереңдікте орналасқан. Бұл – Жердің енімен салыстырғанда шамамен 16 есе үлкен қашықтық.

Ғалымдардың болжамы бойынша, магниттік динамо Күннің төменгі конвективті аймағы мен ішкі радиациялық аймағының шекарасында пайда болады.

Зерттеу барысында 1995 жылы ұшырылған NASA мен ESA-ның бірлескен SOHO обсерваториясының Майкельсон доплерлік құрылғысы арқылы жиналған деректер, сондай-ақ Ұлттық күн обсерваториясының әлем бойынша орналасқан алты телескоптан тұратын GONG желісінің мәліметтері пайдаланылған.

Бұл екі жүйе де (SOHO және GONG) әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Олар Күннің фотосферасы арқылы әр 45–60 секунд сайын таралатын тербелістерді бақылайды.

Бұл тербелістер Күннің ішкі құрылымына байланысты пайда болады. Атап айтқанда, конвективті қабаттағы плазманың қозғалысы мен температурасы тербелістердің ұзақтығы мен амплитудасына әсер етеді.

Бұған дейін Марста сирек минерал табылғанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі