"Ректор гранттары". Отандық ЖОО-лар қанша өзіндік білім беру грантын ұсынды

Сурет: freepik
Республикалық бюджет және жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен бөлінетін мемлекеттік білім беру гранттарынан бөлек, Қазақстанның жоғары оқу орындары талапкерлерге өзіндік білім беру гранттарын, оқу ақысына жеңілдіктер мен атаулы стипендияларды ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы жоғары оқу орындары ұсынатын ректорлық, университеттік және ішкі білім беру гранттарының жалпы саны 2 мыңнан асады. Гранттарды беру талаптарын әр университет дербес белгілейді. Іріктеу кезінде Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері, академиялық жетістіктер, "Алтын белгі" иегері болуы, олимпиадалар мен ғылыми, шығармашылық және спорттық жарыстардағы нәтижелер, сондай-ақ талапкердің әлеуметтік жағдайы ескеріледі, деп хабарлайды 2026 жылы 8 тамызда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

"Кейбір университеттерде ректор гранттарының орнына оқу ақысына жеңілдіктер жүйесі қолданылады. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде "Қамқор", "Көмек", "Жәрдем" және "Зерек" жеңілдіктері бар. Олар жетім балаларға, мүгедектігі бар студенттерге, бір отбасынан қатар білім алып жатқан студенттерге, университет қызметкерлерінің балаларына және "Алтын белгі" иегерлеріне беріледі. Жеңілдік мөлшері 15%-дан 100%-ға дейінгі аралықты қамтиды". ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ гранттар мен жеңілдіктердің нақты саны, құжат қабылдау мерзімдері, талаптары және қажетті құжаттар тізімі әр жоғары оқу орнында әртүрлі екені ескертіледі. Толық және өзекті ақпаратты талапкерлер таңдаған университеттің ресми сайтынан немесе қабылдау комиссиясынан нақтылай алады.

Айта кетсек, кеше, 7 тамызда Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды

Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысына қай аудандар енетіні белгілі болды

Ғалым Сейіт Қасқабасов дүниеден озды