Мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды

Студенты, университеты, вузы, абитуриенты, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 15:05 Фото: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін жариялады. Биыл 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы экономиканың білікті кадрларға деген ұзақмерзімді қажеттілігі ескеріле отырып қалыптастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, гранттардың 60%-ы еліміздің индустриялық және технологиялық дамуы үшін маңызды инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінді.

Өңірлерді білікті мамандармен қамтамасыз етуге де ерекше назар аударылды. "Серпін" жобасы аясында екі мыңнан астам грант иегері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі жетекші жоғары оқу орындарында білім алады.

Министрліктің мәліметінше, білім гранты – тегін жоғары білім алу мүмкіндігі ғана емес, мемлекеттің ел болашағы мен дарынды жастарға салған инвестициясы. Биыл конкурс қағидалары өзгеріссіз қалып, гранттарды бөлудің ашықтығы мен әділдігі қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар жастардың Қазақстаннан шықпай-ақ жетекші шетелдік университеттердің дипломын алуына мүмкіндік жасалып отыр. Елімізде жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары мен халықаралық университеттерде білім алуға да гранттар қарастырылған.

2026 жылы білім грантын тағайындау конкурсына шамамен 127 мың өтінім түсті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 14 мыңға көп. Өтінімдер санының артуы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары білім алуға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.

Гранттарды бөлу кезінде заңнамада көзделген барлық мемлекеттік қолдау шаралары сақталды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын талапкерлерге арналған квоталар, халықаралық олимпиадалар мен ірі спорт жарыстарының жеңімпаздарына конкурстан тыс берілетін гранттар бар. Сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға 1816 грант бөлінді.

Білім грантын тағайындау туралы электронды куәліктер үш жұмыс күні ішінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады.

Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

Грант иегерлерінің толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: