Грант иегерлері 25 тамызға дейін не істеуі керек
Фото: akorda.kz
2026 жылғы 7 тамызда Қазақстанда 75 мың талапкерге жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін мемлекеттік грант тағайындалды. Бүгін, 10 тамызда, Ғылым және жоғары білім министрлігі грант иегерлеріне оқуға қабылдану үшін енді не істеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің мәліметінше, білім беру грантының тағайындалғаны туралы электрондық куәлікті grant.testcenter.kz сайтынан алуға болады.
Талапкерлер грант негізінде немесе ақылы бөлімге оқуға қабылдану үшін 25 тамызды қоса алғанға дейін таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына құжат тапсыруы қажет.
Оқуға қабылдау үшін мына құжаттар қажет:
- жеке куәлік;
- 3×4 сантиметр көлеміндегі фотосурет;
- жалпы орта білім туралы аттестат, ал колледж түлектері үшін диплом;
- №075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- ер балалар үшін әскери есепке қою туралы куәлік;
- білім беру гранты тағайындалғаны туралы электрондық куәлік (бар болса);
- жеңілдік санатына жататынын растайтын құжаттар (бар болса).
Бұған дейін қазақстандық талапкерлердің грант иегері атанғанын қалай білгені туралы бейнежазбалар жарияланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript