Қазақстандықтар Қарағанды әуежайында цифрлық жеке куәлікті қолдана алады

Сурет: Air Astana
Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық тәртіпте іске қосылды.

Қарағанды қаласының әуежайында жеке мәліметтерді растау үшін "e-Gov Mobile" қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті қолдану мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау, Тараз және Петропавл қалаларында іске қосылған болатын.

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile жүйесінде авторланған азамат "Цифрлық құжаттар" сервисіне кіріп, тізімнен өзінің жеке куәлігін таңдауы тиіс. Әуежайдағы тіркеу орнында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде смартфон экранынан сервистегі QR-кодты көрсету керек. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Цифрлық жеке куәлікті ел ішіндегі рейстерде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен әуежайлары және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жүйелерін интеграциялау бойынша бірлесе жұмыс атқарды.

Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық тәртіпте іске қосылды және бұл мүмкіндік, әзірше Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау, Тараз, Петропавл және Қарағанды қалаларының арасындағы рейстерде ғана қолжетімді.

Пилоттық жоба болғандықтан, бұл сервисті қолдануды жоспарлаған жолаушылар өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын да алғаны жөн.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды