Ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталған электр станциясының құрылысы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарлануда. Жобалық қуаты – 50 МВт.
Жоба аясында 16 млрд теңге инвестиция тартылуда.
Жергілікті билік инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмектесуде. 300 гектар жер бөлінген. Бас мердігер «RODINA» компаниясы (Украина).
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудағы әлеуеті зор. Инвестициялық ортаны жақсарту, табиғи ресурстарды барынша пайдалану бойынша шаралар қабылдау қажет. Күн электр станциясы – өңірді электр энергиясымен қамтамасыз етуге өз үлесін қосатын маңызды нысан. Мұндай жобаның іске асуы жаңа жұмыс орындарын құруға, бюджетке салық түсімдерінің және өңірге тартылатын инвестициялардың артуына ықпал етеді, бұл облыс экономикасына оң әсер етері сөзсіз. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, өңірге жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Аса ауылдық округіндегі «Алел Агро» ЖШС құс фабрикасында болды. Жобалық құны – 1,2 млрд теңгені құрайтын, заман талабына сай салынған нысан арнайы қондырғылармен жабдықталған. Бүгінгі таңда өндіріс толығымен іске қосылған.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аймақ басшысы «АСА АГРО» ЖШС құс фабрикасының құрылысымен де танысты. Жоба құны – 8 миллиард теңге. Мұнда жылына 21 мың тонна өнім шығару жоспарланған.
Жалпы, көлемі 2,6 гектар жер телімімен бұрынғы сүт тауарлы фермасының ғимараты сатып алынып, демонтаж жұмыстары жүргізілуде. Германиядан арнайы құрылғылар жеткізілді. Егер жоба толығымен жүзеге асса, жылына 21 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге мүмкіндік тумақ. Алдағы уақытта өндіріс қуаты екі-үш есеге артады деп күтілуде.Серіктестік басшысы Төлебай Меңдіоразов
Бердібек Сапарбаев жергілікті билік тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.