Тоқаев ұлттық жобалар тізімін бекітті

Ақорда
Бұл тізімге 10 жоба енеді, мәселен соның бірі - "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы деп аталады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ұлттық жобалар тізбесін бекіту" туралы бұйрық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Ұлттық жобалар тізбесі

1. "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы.

2. "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы.

3. "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасы.

4. "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы.

5. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

6. "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы.

7. "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы.

8. "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы.

9. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

10. "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы.

Айта кетсек, 12 қазанда Үкімет даму бойынша ұлттық жобаларды бекітті.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды