KGIR-2021: 2,2 млрд доллардан астам соманың келісімдеріне қол қойылды

Kazakhstan Global Investment Roundtable-2021 шеңберінде

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жыл сайынғы төртінші «Kazakhstan Global Investment Roundtable» (KGIR-2021) жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара гибридті форматта өтіп, оған 1000-нан астам адам қатысты – шетелдік бизнес өкілдері, әлемнің 50 елінен келген ірі инвесторлар мен әлемдік сарапшылар, оның ішінде «Goldbeck Solar», «INOKS Capital», «Chevron», «ENI», «Valmont Industries», «Yildirim Group» және т.б. әлемдік компаниялардың топ-менеджменті қатысты.

М.Тілеуберді өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздік жылдары жинақталған капиталы шамамен 380 млрд АҚШ долларын құрайтын өңірдегі шетелдік инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы мемлекет екенін атап өтті.

«Бүгін біз экономиканың таза, инновациялық және әртараптандырылған моделіне бағыт ұстаймыз. Ол үшін біз нақты қадамдар жасап жатырмыз, онда инвесторларды кешенді қолдау ұлттық басымдықтардың бірі ретінде айқындалды». Сыртқы саяси ведомство басшысы Мұхтар Тілеуберді

Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде инвестициялық климатты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды және ҚР аумағында әлеуетті жобаларды іске асыру бойынша мәселелерді талқылау бойынша шетелдік серіктестермен бірқатар B2B кездесулер өткізілді.

Сурет: «Kazakh Invest» ҰК» АҚ

Сондай-ақ, спикерлер ретінде «Технониколь» президенті Сергей Колесников, «YDA Group» президенті Хусейн Арслан, «Goldbeck Solar» бас директоры Йоахим Гольдбек, «Polcotton» компаниясының негізін қалаушы және басқарма мүшесі Алоис Шонбергер, «Orhun Medical» басқармасының төрағасы Гоненч Дырык сөз сөйледі.

Бірқатар шетелдік инвесторлар агроөнеркәсіптік кешенді, фармацевтика саласын, инфрақұрылымдық дамуды және адами капиталды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Номинанттар қатарында «Total», «Chevron», «Citibank Kazakhstan», «Anadolu Group», «Philip Morris International», «Hevel», «INOKS Capital», «Georgian Industrial Group», «Goldbeck Solar», «Air Liquide», «Danone», «Polpharma», «Lactalis», «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығы және т.б. болды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша инвестициялық келісімдерге қол жеткізілді және 2,2 млрд АҚШ долларынан астам сомаға 31 коммерциялық келісімге, сондай-ақ экономиканың агроөнеркәсіптік және тау-кен металлургия кешені, машина жасау, денсаулық сақтау, фармацевтика, энергетика және т.б. салаларында 6 коммерциялық емес құжатқа қол қойылды.

Сурет: «Kazakh Invest» ҰК» АҚ

Сурет: «Kazakh Invest» ҰК» АҚ

Сурет: «Kazakh Invest» ҰК» АҚ

Қазақстан Тілеуберді Мұхтар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: