Ұлттық банктің халықаралық резервтері ақпан айында 0,4%-ға өсті

Сурет: Zakon.kz
Алдын ала деректер бойынша, 2022 жылы ақпанда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 0,4%-ға өсіп, 33,5 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алтынвалюта резервтерінің өсуі алтын бағасының ұлғаюы есебінен болды. Алтын бағасының өсуінен болған оң әсер Ұлттық Банктегі шоттардан банктердің валюталық қалдықтарының әкетілуімен, сондай-ақ валюталық интервенциялар жүргізумен ішінара реттелді.

Елдің жалпы халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (53,9 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2022 жылғы ақпанның соңында 87,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2022 жылғы ақпанда 0,8%-ға кеңейіп, 10 764,9 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 1,8%-ға тарылды). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 12,9%-ға 7 909,2 млрд теңгеге дейін кеңейді (жыл басынан бастап – 13,9%).

2022 жылғы ақпанда ақша массасы 3,1%-ға ұлғайып, 30 711,8 млрд теңге болды (жыл басынан бастап – 2%), айналымдағы қолма-қол ақша 2 992,5 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға өсті (жыл басынан бастап 0,2%-ға төмендеді).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды