Қазақстан мектептерінде қаржы сауатын оқыту жоспарланып отыр

Сурет: Zakon.kz
Мәжілісмендер қаржы сауатын оқытуды мектептен бастауды ұсынса, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұсынысты қолдап, бұл мәселені білім министрліктерінің басшыларымен бірлесіп шешуге уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Палатаның жалпы отырысында жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын талқылау барысында қаржы сауаты мәселесін парламент мәжілісінің депутаты Бауыржан Сартбаев көтерді.

"Қаржы сауатын мектептен бастап оқыту керек. Оқу-ағарту министрлігі осы мәселені пысықтап, мектеп бағдарламасына қаржы сауатын енгізу мүмкіндігін қарастыруы керек. Өйткені адам несиесін өтей алмайтын жағдайға жеткенде және банкротқа ұшыраса, оған ақшаны дұрыс пайдалануды үйрету тым кеш болады".Парламент мәжілісінің депутаты Бауыржан Сартбаев

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев депутаттың ұсынысын қолдады.

"Қаржы сауаты біздің қоғам алдында тұрған үлкен мәселе деп есептеймін. Қаржылай сауатсыз болудың кесірінен көбі қиын жағдайға тап болады. Мен қолдаймын және бұл мәселені екі министрмен (ағарту және ғылым және жоғары білім. - ред) көтеруге дайынмын".Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Парламент мәжілісі «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын және оған қатысты түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 7,8 миллион адамның екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге 14,3 трлн теңгеден астам қарызы бар.






Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды