Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есе көтеру жоспарланып отыр

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомство алқасында ел студенттерін қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Министрдің айтуынша, бірінші кезекте шәкіртақылар қаралады.

"2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысын екі есеге арттыру жоспарланып отыр. Сонымен ұатар 2025 жылдан бастап келесі кезеңде де осындай өсім болады. Сондықтан бюджетте қаржыландырудың қажет көлемін қарастыру маңызды. Біз жоғары оқу орындарының шәкіртақысы мен профессорлық-оқытушылық құрамының еңбекақысын сапалы түрде арттыра алу үшін гранттардың құнын біртіндеп көтереміз".Саясат Нұрбек

Оған қоса министр әлемдік цифрлық кітапханаларды барлық студентке қолжетімді ету жоспарланып отырғанын айтты.

"Coursera корпорациясымен келісімге қол қойылды. 16 қаңтарда біз қаржыландырудың бірінші кезеңіне өтіп жатырмыз. Сондықтан биылдың өзінде қазақ тіліне, орыс тіліне аударылған алғашқы Coursera курстары біздің университеттерге қолжетімді болады. Бұл ресурсты өте дұрыс пайдалану қажет".Саясат Нұрбек

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жоғары оқу орындарындағы білім бағасының көтерілетінін жоққа шығармаған еді.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі