Астана әкімдігінің спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғалары ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Сурет: pexels
ҚМА елордалық департаменті Астана қаласы әкімдігінің "Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің 11 шілде күні таратқан мәліметінше, 2020-2023 жылдар аралығында ақша жымқыру шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы жасалған.

"Іс жүзінде жұмсалған ақшадан айырма түрінде алынған қаражатты КММ басшылығы алып отырған. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген шығын көлемі 70 млн теңгені құрады".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сонымен бірге, КММ басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан төрт млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

ҚММ бастығына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.



Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады