Марат Қарабаев 2023 жылдың басында Астанадағы LRT құрылысын жалғастыруға 52 млрд теңге бөлінгенін еске салды. Оның айтуынша, тірегі бойынша жұмыс 96%, тіректердің құрылысы 76%, конструкцияларды құрастыру 82% орындалған.
"Бұл – біткен, істелген жұмыстың бәрі. Енді келесі жылға бюджеттен 45 миллиард теңгеге жуық қаражат алуды талқылап жатырмыз. Бұл қаржы құрылыс-монтажды жалғастыруға керек. Қазір нысанда 1500 адам жұмыс істеп жатыр. Жұмыс көлемі ұлғайса, команда оған шыдас берсе, құрылыс-монтаждауды айтарлықтай жылдамдатса, біз қосымша 150 миллиард теңгеге дейін ақша сұраймыз. Нысанның негізгі аяқталуы 2025 жылға жоспарланған, яғни бірінші іске қосу кешені сол жылы", - деп қосты министр.
2023 жылдың 11 шілдесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада LRT жобасын іске асыруды мерзімінде аяқтау принципті маңызды екенін мәлімдеді.
21 тамызда Астанада LRT құрылысының қайта жандануына байланысты Сығанақ көшесі жабылатыны белгілі болды.