Сарапшы қаржы пирамидасының үш негізгі белгісін атады

Сурет: Zakon.kz
АФМ превенция және аналитикалық даму департаментінің превенция басқармасының басшысы Андрей Давыдов қаржы пирамидасының негізгі үш белгісін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Интернет-алаяқтық: қарсы іс-қимыл, алдын алу, байланыс" конференциясында сөйлеген сөзінде Андрей Давыдов АФМ интернет-кеңістікке мониторингті қалай жүргізетінін айтты.

"Біздің өз құралдарымыз бар. Олардың арқасында біз пирамида белгілері бар сайттар мен парақшаларға сілтемелер аламыз. Содан кейін біз оларды бейтараптандыру бойынша шаралар қабылдаймыз. Биылғы жылы 28 қаржы пирамидасы жойылды, 300-ге жуық чаттар мен аккаунттар жабылды, онда 2 миллионға жуық қатысушы болды. "Кибернадзор" жүйесін пайдалана отырып, біз қаржы пирамидасының жарнамасы бар шамамен 12 мың сілтемені бұғаттадық. Алаяқтардың құрығына түспеу үшін азаматтар келесі негізі белгілерді білуі керек. Біріншіден, бұл, әрине, жеңіл пассивті табыс, жоғары пайыздар, жылына 1000%-ға дейін көрсетуі мүмкін. Екіншіден, бұл әлеуметтік желілердегі, интернеттегі белсенді жарнама. Үшіншіден, іс жүзінде сіз жобаны ұйымдастырушымен тек онлайн режимінде сөйлесуіңіз, яғни оны физикалық түрде көрмейсіз. Құжаттардың заңды түрде рәсімделмеуі, рәсімделген күннің өзінде қаржыны жоғалту тәуекелдері туралы шарттардың жоқ болуы", – деп атап өтті спикер.

Сурет: Zakon.kz

Давыдовтың айтуынша, анықталған пирамидалар бойынша ұйымдастырушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарта отырып, тергеулер жүргізіледі. Осы жылдың өзінде 35 адам орта есеппен бес-алты жылға бас бостандығынан айырылды.

"Профилактиканың маңызды сәті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. Алаяқтардың "тұзағына" түспеу үшін азаматтар экономика мен қаржының негіздерін білуі керек, сонымен қатар негізгі цифрлық дағдыларға ие болуы керек. Біз медиа тұлғалар мен танымал блогерлерді шақыратын үлкен форумдар өткізуге тырысамыз. Олар арқылы халыққа алаяқтар қолданатын схемалар туралы ақпаратты барынша жеткізуге, қауіп-қатерлер туралы ескертуге болады", – деп түсіндірді Давыдов.

Сурет: Zakon.kz

Сонымен қатар, ведомство екінші деңгейдегі банктермен белсенді жұмыс жүргізуде.

"Әрине, банктермен белсенді өзара іс-қимыл жасалуда. Неліктен? Өйткені олар пирамида салымшыларының қаржылық ағындарын басынан бастап көріп, бізге хабарлайды. Ол үшін біз оларға "типология" деп аталатын финпирамидалық күдіктің арнайы критерийлерін әзірлеп бердік. Мысалы, адамға немесе компанияға көптеген азаматтардан бірдей сома түскен кезде, ақшаның бір бөлігі қайтарылады және қолма-қол ақша ретінде шешіп алынады", — деп түйіндеді АФМ превенция және аналитикалық әзірлемелер департаментінің превенция басқармасының басшысы Андрей Давыдов.

Бұған дейін интернет-алаяқтықпен күресуде қандай шаралар іске асырылып жатқандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан
Астана
"Интернет-алаяқтықпен күресу" конференциясы
"Интернет-алаяқтықпен күресу" конференциясы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандықтарды жасанды интеллектке мектеп қабырғасынан үйретпек

Еліміздің қай қаласындағы жастар жиі шаңырақ көтереді

Алматыда жас жігітті пышақтап өлтіріп кетті