Қазақстанда доллар 7 теңгеге төмендеді
Фото: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 24 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 7,47 теңгеге төмендеп, 515,89 теңге болды.
Юань бағамы 1 теңгеге өсіп, 70,81 теңгеге жетті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 514,99-524,64 теңгеге, еуро 535,05-541,89 теңгеге, рубль 5,09-5,17 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 24 желтоқсандағы аукционда мұнай бағасы көтерілді. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 0,66 пайызға өсіп, 72,80 долларды құрады. АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 0,74%-ға қымбаттап, 69,75 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 523,72 теңге, еуроны 544,09 теңге, рубльді 5,2 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript