Қазақстанда доллар күрт өсті

Доллары и тенге, деньги, обмен валют, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 15:50 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 27 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 5,76 теңгеге көтеріліп, 521,81 теңгені құрады.

Қытай юанінің бағамы 71,48 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 521,69-526,35 теңгеге, еуро 537,76-544,86 теңгеге, рубль 5,12-5,24 теңгеге сатылуда.

Желтоқсанның 27-сі күнгі аукционда әлемдік мұнай бағасы да көтеріліп жатыр. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,38 пайызға өсіп, 73,13 долларды құрады. Американың West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 0,43%-ға қымбаттап, барреліне 69,92 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 515,25 теңге, еуроны 535,91 теңге, рубльді 5,18 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: