Елімізде доллар бағасы тағы өсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 30 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,56 теңгеге көтеріліп, 523,54 теңгені құрады.
Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 0,26 тармаққа көтеріліп, 71,74 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 525,12-528,18 теңгеге, еуро 539,35-546,94 теңгеге, рубль 4,93-5,07 теңгеге сатылуда.
30 желтоқсандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,37%-ға төмендеп, барреліне 73,52 долларды құрады. Америкалық West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 0,38%-ға арзандап, барреліне 70,33 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 521,81 теңге, еуроны 543,67 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript