Доллар бағамы тағы өсті

Доллары и тенге, деньги, обмен валют, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 16:12 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 23 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,19 теңгеге көтеріліп, 486,65 теңге болды.

Юаньнің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 68,26 теңгені (+0,55) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 485,1-487,9 теңгеге, еуро 524-528 теңгеге, ресей рублі 5,03-5,13 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 23 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,67%-ға арзандап, барреліне 75,53 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,72%-ға төмендеп, барреліне 71,22 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 484,19 теңге, еуроны 524,28 теңге, рубльді 5,03 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: