Түскі саудада доллар бағамы айтарлықтай өсті

Доллары и тенге, деньги, обмен валют, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 15:36 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 9 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,48 теңгеге көтеріліп, 489,06 теңге болды.

Юань бағамы да көтеріліп, 69,23 теңгені (+0,48) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 489,1-491,5 теңгеге, еуро 534,5-538,5 теңгеге, ресей рублі 5,03-5,13 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы бір күн бұрын құлдырағаннан кейін 9 қазандағы аукционда көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,63%-ға өсіп, барреліне $77,67 құрады.

NYMEX электронды саудасында қараша айындағы WTI мұнай фьючерстері барреліне 0,56%-ға қымбаттап, 73,98 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 486,44 теңге, еуроны 534,31 теңге, рубльді 5,06 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: