13 қыркүйектегі түскі саудада доллар бағамы көтерілді

Доллары, тенге, деньги, обмен валют, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 15:52 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 13 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,72 теңгеге көтеріліп, 479,38 теңге болды.

Қытай юанінің бағамы 67,35 теңгеге (+0,49) дейін өсті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 478,7-480,9 теңгеге, еуро 529,5-534 теңгеге, ресей рублі 5,23-5,35 теңгеге сатылуда.

Ал 13 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электронды саудасында қараша айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,43%-ға өсіп, барреліне $72,28 құрады.

NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,49%-ға өсіп, барреліне 69,31 долларды құрады.

13 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 477,13 теңге, еуроны 525,85 теңге, рубльді 5,24 теңге деп бекітті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: