Қазақстанда доллар тағы да күрт көтерілді

Доллары, деньги, обмен валют, обменник , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2024 16:02 Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 11 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 8,43 теңгеге көтеріліп, 516,93 теңге болды.

Юаньнің орташа сараланған бағамы көтеріліп, құнына 1,04 теңге қосып, 71,18 теңгеге жетті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 518-522 теңгеге, еуро 536-545 теңгеге, рубль 5,05-5,15 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 11 желтоқсандағы аукционда мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Brent маркалы мұнай барреліне шамамен 73 доллардан сатылып жатыр. АҚШ мұнайының WTI фьючерстері барреліне 69 долларды құрады, бұл алдыңғы сессиядан 1,03%-ға жоғары.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 508,05 теңге, еуроны 534,82 теңге, рубльді 5,06 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: