22 қарашадағы сауда-саттықта доллар күрт көтерілді

Доллары, деньги, обмен валют, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2024 16:03 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 22 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3,36 теңгеге көтеріліп, 498,34 теңге болды.

Юаньнің орташа сараланған бағамы да 68,61 теңгеге дейін көтерілді (+0,24).

Ақша айырбастау орындарында доллар 499,3-501,3 теңгеге, еуро 521-525,5 теңгеге, рубль 4,89-4,99 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 22 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, қаңтар айындағы Brent фьючерстерінің құны ICE Futures электрондық саудасында 0,75%-ға өсіп, барреліне $74,79 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,80%-ға өсіп, 70,66 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 494,87 теңге, еуроны 520,65 теңге, рубльді 4,91 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: