АҚШ-та өткен сайлаудың қорытындысы бойынша 6 қарашадағы саудада доллар бағамы көтерілді
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3,13 теңгеге көтеріліп, 492,14 теңге болды.
Керісінше, юаньның орташа сараланған бағамы 68,59 теңгеге дейін төмендеді (-0,18).
Ақша айырбастау орындарында доллар 492,1-493,9 теңгеге, еуро 528,5-532,5 теңгеге, ресей рублі 4,97-5,07 теңгеге сатылуда.
Сонымен бірге, 6 қарашадағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, қаңтар айындағы Brent фьючерстерінің бағасы ICE Futures биржасында электронды саудада 1,79%-ға төмендеп, барреліне 74,18 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 1,72%-ға төмендеп, барреліне 70,75 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 488,91 теңге, еуроны 532,62 теңге, рубльді 5 теңге деп белгіледі.