4 қарашадағы саудада доллар қайтадан қымбаттады

Доллары и тенге, деньги, обмен валют, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2024 15:45 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 4 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,09 теңгеге көтеріліп, 489,36 теңгені құрады.

Юаньнің орташа сараланған бағамы 69,07 теңгеге дейін өсті (+0,64).

Ақша айырбастау орындарында доллар 488,7-490,5 теңгеге, еуро 532,5-536,5 теңгеге, ресей рублі 4,95-5,05 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 4 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,71%-ға өсіп, барреліне 75,08 долларды құрады.

Бұл ретте WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 2,78%-ға өсіп, барреліне 71,42 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 488,11 теңге, еуроны 530,09 теңге, рубльді 5,01 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: