11 қарашадағы саудада доллар қайтадан қымбаттады
Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 11 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,91 теңгеге көтеріліп, 492,65 теңгені құрады.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,33 теңгеге дейін төмендеді (-0,34).
Ақша айырбастау орындарында доллар 494,1-495,9 теңгеге, еуро 526-530 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,09 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 11 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,24%-ға өсіп, барреліне 74,05 долларды құрады.
Бұл ретте WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,10%-ға өсіп, барреліне 70,45 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 491,71 теңге, еуроны 529,97 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript