14 қарашадағы саудада доллар қайтадан қымбаттады
Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 14 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,63 теңгеге көтеріліп, 493,85 теңгені құрады.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 67,98 теңгеге дейін төмендеді (-0,04).
Ақша айырбастау орындарында доллар 495,1-497,3 теңгеге, еуро 520-524 теңгеге, ресей рублі 4,97-5,07 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 14 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы да көтерілуде.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,07%-ға өсіп, барреліне 72,33 долларды құрады.
Бұл ретте WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,03%-ға өсіп, барреліне 68,45 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 492,17 теңге, еуроны 522,39 теңге, рубльді 5 теңге деп белгіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript