Бір күн бұрын төмендеген доллар бағамы 22 қазандағы саудада күрт көтерілді
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 2,44 теңгеге көтеріліп, 484,19 теңге болды.
Юаньнің орташа сараланған бағамы төмендеп, 67,70 теңгені (-0,11) құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 485,7-488,7 теңгеге, еуро 525-529 теңгеге, ресей рублі 4,97-5,09 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 22 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures биржасында электронды саудада желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,65%-ға төмендеп, барреліне 73,81 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,64%-ға төмендеп, барреліне 69,59 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 481,68 теңге, еуроны 522,48 теңге, рубльді 5 теңге деп белгіледі.