15 қазандағы саудада доллар бағамы бірден үш теңгеге көтерілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 15 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,90 теңгеге көтеріліп, 487,42 теңгені құрады.
Юаньнің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 68,38 теңгені (+0,09) құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 487,5-489,9 теңгеге, еуро 531,5-536 теңгеге, ресей рублі 5,01-5,15 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 15 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстері 3%-ға төмендеп, барреліне 75,11 долларды құрады.
АҚШ-тың West Texas Intermediate мұнай фьючерстері 3,1%-ға арзандап, барреліне 71,57 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 484,11 теңге, еуроны 528,79 теңге, рубльді 5,03 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript