7 қазандағы саудада доллар тағы көтерілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 7 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 2,28 теңгеге көтеріліп, 484,37 теңге болды.
Қытайда 2024 жылдың 1 қазаны мен 7 қазаны аралығындағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда жүргізілмеді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 483,1-484,9 теңгеге, еуро 530,5-534,5 теңгеге, ресей рублі 4,97-5,07 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 7 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,4%-ға төмендеп, барреліне 77,74 долларды құрады.
АҚШ-тың Батыс Техас мұнайының фьючерстері 0,27%-ға төмендеп, барреліне 74,18 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 481,84 теңге, еуроны 531,33 теңге, рубльді 5,07 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript