3 қазандағы саудада доллар аздап арзандады
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,35 теңгеге төмендеп, 482,86 теңгені құрады.
Қытайда 2024 жылдың 1 қазаны мен 7 қазаны аралығындағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда жүргізілмеді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 482,3-484,1 теңгеге, еуро 532,5-536,5 теңгеге, ресей рублі 5,09-5,19 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы 3 қазандағы аукционда көтеріліп жатыр.
Осылайша, Лондонның ICE биржасында Brent маркалы желтоқсандағы фьючерстері алдыңғы саудамен салыстырғанда 0,87%-ға өсіп, барреліне $74,54 құрады.
NYMEX биржасында Нью-Йоркте қарашада жеткізілетін WTI маркалы мұнай барреліне 0,84%-ға қымбаттап, 70,69 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 483,23 теңге, еуроны 534,74 теңге, рубльді 5,12 теңге деп белгіледі.