30 қазандағы саудада доллар арзандады

Доллары, деньги, обмен валют, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2024 15:56 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 30 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,90 теңгеге төмендеп, 488,45 теңгені құрады.

Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,37 теңгеге (-0,28) дейін төмендеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 487,5-489,7 теңгеге, еуро 528,5-532,5 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,09 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 30 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, қаңтар айындағы Brent фьючерстерінің құны ICE Futures электрондық саудасында 1,20%-ға өсіп, барреліне $71,58 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 1,34%-ға өсіп, барреліне 68,11 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 491,7 теңге, еуроны 531,28 теңге, рубльді 5,07 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: