1 қазандағы саудада доллар арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 1 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1 теңгеге төмендеп, 480,11 теңгені құрады.
Қытайда 2024 жылдың 1 қазаны мен 7 қазаны аралығындағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда жүргізілмеді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 480,3-482,1 теңгеге, еуро 532-536 теңгеге, ресей рублі 5,07-5,17 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы 1 қазандағы аукционда төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures биржасында электронды саудада желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 1,95%-ға арзандап, барреліне 70,30 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қарашадағы фьючерстері 2,17%-ға төмендеп, барреліне 66,69 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 481,19 теңге,
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript