18 қыркүйектегі саудада доллар тағы да арзандады
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,46 теңгеге төмендеп, 478,96 теңгені құрады.
Қытайда 2024 жылдың 16-18 қыркүйегі аралығындағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда-саттық болған жоқ.
Ақша айырбастау орындарында доллар 479,1-481,3 теңгеге, еуро 531,5-535,5 теңгеге, ресей рублі 5,21-5,31 теңгеге сатылуда.
Ал 18 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE биржасында қарашада жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне $72,57 (-1,53%) деңгейінде саудаланады.
Қазан айында жеткізілетін Texas WTI мұнайының фьючерстері барреліне 69,02 долларға (-1,34%) төмендеді.
18 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 480,63 теңге, еуроны 535,13 теңге, рубльді 5,27 теңге деп бекітті.