12 қыркүйектегі саудада доллар аздап арзандады
Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 12 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,49 теңгеге төмендеп, 477,13 теңгені құрады.
Қытай юанінің бағамы 66,85 теңгеге (-0,26) түсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 477,9-479,9 теңгеге, еуро 525,5-529,5 теңгеге, ресей рублі 5,19-5,29 теңгеге сатылуда.
Ал 12 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері 1,4%-ға өсіп, барреліне 71,62 долларды құрады.
АҚШ-тың мұнай фьючерстері қазан айында 1,5%-ға қымбаттап, барреліне 68,31 долларды құрады.
12 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 477,62 теңге, еуроны 527,67 теңге, рубльді 5,25 теңге деп бекітті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript