13 қарашадағы саудада доллар бағамы бірден үш теңгеге төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 13 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,92 теңгеге төмендеп, 492,17 теңге болды.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,02 теңгеге дейін төмендеді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 492,9-495,1 теңгеге, еуро 522-526 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,09 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 13 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы да төмендеп жатыр.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,08%-ға төмендеп, барреліне 71,83 долларды құрады.
Бұл ретте WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,09%-ға төмендеп, барреліне 68,06 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 494,95 теңге, еуроны 525,49 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript