7 қарашадағы саудада доллар бағамы қалай өзгерді
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 492,22 теңге (+0,02) болды.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,42 теңгеге дейін төмендеді (-0,16).
Ақша айырбастау орындарында доллар 492,3-494,1 теңгеге, еуро 529-533 теңгеге, ресей рублі 4,97-5,07 теңгеге сатылуда.
Сонымен қатар, 7 қарашадағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, қаңтар айындағы Brent фьючерстерінің бағасы ICE Futures электрондық саудасында 0,01%-ға төмендеп, барреліне $74,91 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,14%-ға төмендеп, барреліне 71,59 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 492,14 теңге, еуроны 528,85 теңге, рубльді 5,01 теңге деп белгіледі.