17 қыркүйектегі саудада доллар бағамы қалай өзгерді
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 480,63 теңге (-0,02) болды.
Қытайда 2024 жылдың 16-18 қыркүйегі аралығындағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда-саттық болған жоқ.
Ақша айырбастау орындарында доллар 480,5-482,3 теңгеге, еуро 532-536 теңгеге, ресей рублі 5,19-5,29 теңгеге сатылуда.
Ал 17 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures биржасында электронды саудада қараша айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,11%-ға арзандап, барреліне 72,67 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері 0,01%-ға өсіп, барреліне 69,03 долларды құрады.
17 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 480,61 теңге, еуроны 534,53 теңге, рубльді 5,28 теңге деп бекітті.