20 қыркүйектегі саудада доллар бағамы аздап қымбаттады

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 20 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 479,05 теңге (+0,13) болды.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 67,93 теңгеге (+0,22) көтерілді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 478,9-480,7 теңгеге, еуро 532-536 теңгеге, ресей рублі 5,11-5,23 теңгеге сатылуда.
Ал 20 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қараша айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,51%-ға арзандап, барреліне 74,50 долларды құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының қарашадағы фьючерстері 0,48%-ға төмендеп, барреліне 70,82 долларды құрады.
20 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 478,93 теңге, еуроны 534,96 теңге, рубльді 5,16 теңге деп бекітті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript