20 қарашадағы саудада доллар бағамы қалай өзгерді

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 20 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 495,20 теңге (-1,98) болды.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,42 теңгеге дейін төмендеді (-0,22).
Ақша айырбастау орындарында доллар 495,9-497,7 теңгеге, еуро 522,5-526,5 теңгеге, ресей рублі 4,95-5,05 теңгеге сатылуда.
Сонымен қатар, 20 қарашадағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы өсіп жатыр.
Осылайша, қаңтар айындағы Brent фьючерстерінің бағасы ICE Futures электрондық саудасында 0,34%-ға өсіп, барреліне $73,56 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері 0,43%-ға қымбаттап, барреліне 69,54 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 497,26 теңге, еуроны 525,21 теңге, рубльді 4,97 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript