Қазақстанда жас кәсіпкерлердің саны бір жылда небәрі 0,5 пайызға өсті

Сурет: pixabay
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 35 жасқа дейінгі 731 794 жеке кәсіпкер тіркелген. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 728 115 адамды құраған. Демек, 2024 жылы жеке кәсіпкерлер саны небәрі 3 679 бірлікке (немесе 0,5%-ға) өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, жас кәсіпкерлердің көбі әйел азаматтары - 409 068, тиісінше ерлердің көрсеткіші - 322 726 адамды құрайды. Сондай-ақ, олардың басым көпшілігі қалаларда жұмыс істейді – 548 544 адам, ал ауылдық аймақта 183 500 адам кәсібін дөңгелетіп отыр. 

Жастардың көбі негізінен сауда және жөндеу қызметіне ден қойған (319 024 ЖК). Дегенмен, келесі салалар да қалыс қалмақ емес. 

Бұған қоса, қорғаныс және әлеуметтік қамсыздандыру саласында 62 жеке кәсіпкер жұмыс істейді, 500 ЖК тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазумен айналысады, 299 адам қазақстандықтарды электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен қамтамасыз етеді және 290 жас кәсіпкер қаржылық және сақтандыру қызметтерін көрсетеді.

Жас талапкердердің көпшілігі Алматы (124 997), Астана (90 295), Түркістан (73 044), Алматы (51 544) облыстарында жұмыс істейді.

Бұған дейін Қазақстанда халық пен бизнеске берілген несиелер көлемі 40 трлн теңгеден асқандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді