Қазақстанда халық пен бизнеске берілген несиелер көлемі 40 трлн теңгеден асты

Несие, Қазақстан, 2024, желтоқсан, бизнес, халық, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 17:57 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
2024 жылы желтоқсан айында Қазақстанда несие алғандар саны қаншаға артты әрі несиенің қай түрі кеңінен қолданысқа ие? Бұл сұраққа қатысты жауапты қамтитын материалды Zakon.kz сайтынан оқып-біле аласыздар.

Ұлттық банктің мәліметінше, ел экономикасындағы несиелер көлемі 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 40,9 трлн теңгені құрап, 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 22,3% - ға ұлғайды. Қарыз алушылардың санаттары бойынша кредиттердің жалпы көлемінің 46,0% - ы бизнес кредиттеріне тиесілі (бизнес мақсаттарына кредиттер алған қаржылық емес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер), 54,0%–ы халыққа берілген кредиттерге тиесілі.

"Бұл ретте бизнеске кредиттер өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 20,6% - ға өсіп, 18,8  трлн теңгені құрады, халыққа кредиттер 23,7% - ға 22,1 трлн теңгеге дейін өсті", делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір жылда 18,9%-ға 36,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 64,0%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (оның ішінде оларды валюталық қайта бағалау есебінен). Банк секторының кредиттері кредиттердің жалпы көлемінің 85,8%-н құрады.

Бұған дейін депутат Ерлан Сайыровтың еліміздегі ең төменгі жалақыны индекстеуді ұсынғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: