"Бизнес жандана бастады". Қазақстанда іскерлік белсенділік қалыпқа келді

Іскерлік, бизнес, Қазақстан, Ұлттық Банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 17:24 Сурет: pixabay
Қазақстанда шілде айында іскерлік белсенділік қалыпқа келді. Қай салаларда көрсеткіш жақсарды. Мұны Zakon.kz сайтынан біле аласыздар.

2025 жылғы шілдеде іскерлік белсенділік 51,6 (маусымда 50,7) болып, біршама жақсарды.  Барлық секторда көрсеткіштер жақсарды, делінеді Ұлттық Банктің есебінде.

Саудада, қызмет көрсету секторында және өндірісте белсенділік жақсарды. Мұнда индикаторлар тиісінше 53,0, 52,4 және 51,7 (маусымда – 51,6, 51,4 және 51,5) құрап, оң өсім көрсетті. Құрылыста және тау-кен өндіру өнеркәсібінде динамиканың жақсаруына қарамастан, іскерлік белсенділік 47,3 және 48,4 (маусымда – 45,0 және 47,8) болып, төмендеу аясында қалды.

2025 жылғы шілдеде бизнес-ахуал индексі (БАИ) болашақ жағдайларға қатысты оптимизмнің жақсаруы есебінен 11,7 болып, біршама көтерілді. Қазіргі жағдайды бағалау көрсеткішінің төмендегеніне қарамастан, бизнес-цикл "сағатының" индикаторы өсу аймағында қалды.

Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өніміне/көрсетілетін қызметіне деген сұраныстың өсу қарқыны үздіксіз баяулап келеді. Ал қызмет көрсету секторында төмендеу байқалады. Ең жоғары сұраныс – өндіріс секторында.

Бұған дейін мемлекеттік аудит агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын тежейтін бірқатар мәселені анықтағаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: