Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділік рекордтық деңгейге жетті

Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділік рекордтық деңгейге жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 17:39 Сурет: freepik
2024-2025 жылдар аралығында Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділік айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елде 414 мың заңды тұлға мен жеке кәсіпкер тіркелді. Осы кезеңде 394 мың заңды тұлға мен жеке кәсіпкер есептен шығарылды. Осылайша, таза өсім шамамен 20 мың субъектіні құрады.

"2025 жылы да кәсіпкерлік белсенділіктің оң динамикасы байқалады. Тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер саны 478 мыңға жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен асты. Сонымен қатар 335 мың субъект есептен шығарылды. Нәтижесінде 2025 жылғы таза өсім 142 мың заңды тұлға мен жеке кәсіпкерді құрады", - делінген хабарламада.

Осылайша, келтірілген деректер іскерлік белсенділіктің артқанын және қолданыстағы кәсіпкерлік субъектілері санының ұлғайғанын көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: