Жапонияда балалар арасындағы суицид саны рекордтық деңгейге жетті

2024 жылы Жапонияда мектеп пен мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы суицид көрсеткіші рекордтық деңгейді көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жапонияның Денсаулық сақтау, Еңбек және әл-ауқат министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, шамамен 124,5 миллион халқы бар елдегі суицидтің жалпы саны 2024 жылы 20 268 болды, оның ішінде балалар арасында 527 оқиға тіркелді.
Бір жыл ішінде суицидтің жалпы саны 1569-ға азайды. Бұл ретте, өз өмірін қиғандардың көпшілігі (13 763) ер адам.
Ал, балалар арасында суицидтің ең көп саны (349) орта мектеп оқушыларына тиесілі.
Бұған дейін Швецияның шетел түрмелерін жалға алуды жоспарлап отырғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript