Швеция шетел түрмелерін жалға алуды жоспарлап отыр

Швеция елдің түрме мекемелеріндегі орын тапшылығына байланысты шетел түрмелерін жалға алу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Aftonbladet газетінің дерегінше, бұл туралы Швецияның Әділет министрі Гуннар Стреммер мәлімдеді.
"Біз бұған "келісім бере алатын" елдермен түрмелердегі орындарды жалға алу мүмкіндігін зерттеп жатырмыз, талқылаулар әлі де жалғасуда", – деді ол.
Министр Швед тұтқындарын қай елдерге жіберетінін нақтылаған жоқ.
Әділет министрлігінің жұмыс тобының есебіне сәйкес, Швеция заңнамасында сотталғандарды шетелде түрмеге жабуға ешқандай кедергі жоқ. Бұл кәмелетке толмағандарға, террористік қылмыстар үшін сотталған адамдарға, сондай-ақ сот-психиатриялық сараптама тағайындалғандарға қатысты болмайды.
Бұған дейін Ақмолада полицейлер оқу орнынан ұрланған қару макеттерін қайтарғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз