Тоқаев Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2025 10:01 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаевтың сөзінше, бұл айтулы мереке швед халқы қадір тұтатын бірлік, тарихи мұра және берік демократиялық дәстүрлер сияқты құндылықтармен үндеседі.

"Сіздің дана басшылығыңыз арқылы еліңіз алдағы уақытта да орнықты даму мен жаңашылдықтың озық үлгісін көрсете беретініне сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта. 

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп түсіп жатқанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: