Қазақстанда 2025 жылы өнім экспорты рекордтық деңгейге жетті

Сделано в Казахстане, производство в Казахстане, продукты сделанные в Казахстане, сделано в РК, производство РК, продукты питания, еда, маркет, супермаркет, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2025 16:41 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның тамақ өнеркәсібі өнімдерінің экспорты 3,1 млрд АҚШ долларына жетіп, рекорд орнатты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,5%-ға көп (2024 жылы – 2,3 млрд доллар), деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық Азияға басымдық

Экспорттың өсуі тек сату географиясының кеңеюімен ғана емес, сонымен қатар экспорт құрылымының әртараптануымен – дәстүрлі өнімдерден бастап қосылған құны жоғары тауарларға дейін ұлғаюымен байланысты,- дейді экономист Ернар Серік.

Сарапшының пікірінше, дәстүрлі шикізат экспортына тәуелділіктің азаюы және жаңа өңірлерге жеткізілімдердің артуы Қазақстан агросекторының тұрақтылығының маңызды көрсеткіші болып отыр.

Экспорттың негізгі өсімін Орталық Азия елдері қамтамасыз етті. Ернар Серіктің мәліметінше, өңір елдеріне жеткізілім көлемі 44%-ға өсіп, 1,5 млрд долларды құраған.

  • Өзбекстанға экспорт 50%-ға өсіп, 868,1 млн долларды құрады;
  • Қытайға жеткізілім 89%-ға артып, 784,3 млн доллар болды;
  • Ресейге Қазақстан 423,5 млн доллар көлемінде өнім экспорттады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 18%-ға көп;
  • Қырғызстан мен Тәжікстанға экспорт тиісінше 33% және 25%-ға артты;
  • Түрікменстанға жеткізілім көлемі 2,4 есеге өсіп, 69,4 млн долларға жетті.
Қазақстанда 2025 жылы өнім экспорты рекордтық деңгейге жетті , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2025 16:41

Сурет: Zakon.kz

Май, ет, шоколад – экспорт көшбасшылары

Экспорттық тауарлар құрылымында айтарлықтай өзгерістер байқалады. Бұған дейін негізгі экспорттық өнім саналған дәстүрлі тауарлар өз орнын өсімдік майларына, мал азығына, ет пен қантқа бере бастады.

  • Күнбағыс майының экспорты 68%-ға өсіп, 316,1 млн доллардан 532 млн долларға жетті;
  • Мал азығы экспорты 2,3 есеге артып, 189,2 млн доллардан 497,2 млн долларға дейін өсті;
  • Темекі өнімдері 28%-ға өсіп, 124,2 млн долларды құрады;
  • Шоколад экспорты 43%-ға артып, 110,7 млн доллар болды;
  • Салқындатылған сиыр еті экспорты 50%-ға өсіп, 109,3 млн долларға жетті;
  • Қант экспорты ең жоғары өсімді көрсетті – 97%-ға, 89,8 млн долларға дейін артты.
"Бұл өнімдер осы жылға дейін Қазақстанның негізгі экспорттық азық-түлігі саналған ұнды айтарлықтай ығыстырды", – дейді Ернар Серік.

Шектеулерге қарамастан

Экономистің айтуынша, экспорттағы рекордтық көрсеткіштер Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Уақытша шектеулер мен тыйымдарға қарамастан, экспорт көлемі төмендемей, керісінше айтарлықтай өскен.

"АӨК саласы барған сайын тұрақты, технологиялық жағынан дамыған әрі қосылған құны жоғары өнім өндіруге бағыт алып отыр", – деді Ернар Серік.

2025 жылдың 10 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 116,3 млрд долларды құрап, елдің әлеммен экономикалық байланыстары айтарлықтай кеңейді.

Әсіресе, астық экспорты бойынша рекордтар тіркелді: 2024–2025 маркетингтік жылы Қазақстан 13,4 млн тонна астық, ал жемдік ұнды есепке алғанда 15 млн тоннадан астам өнім экспорттады.

2024 жылы Қазақстанның жалпы шикізаттық емес экспорты 28,8 млрд долларды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,9%-ға өсті. Оның елдің сыртқы сауда құрылымындағы үлесі 35%-ға жақындап, экспорттық модельдің біртіндеп әртараптанып келе жатқанын көрсетіп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: