Рекордтық көрсеткіштер: Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағыны 28 млрд долларды құрады
primeminister.kz хабарлағандай, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $28,9 млрд болған.
Республикаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер:
Нидерланды – $8,33 млрд (өсім – 19,7%),
АҚШ – $5,1 млрд (+81,9%),
Швейцария – $2,8 млрд (+2,4%),
Бельгия – $1,56 млрд (+46%),
Ресей – $1,52 млрд (-19,7%),
Оңтүстік Корея – $1,48 млрд (+84,8%),
Қытай – $1,43 млрд (-22,5%),
Франция – $770,2 млн (+27,4%),
Ұлыбритания – $661 млн (-35,7%) және Германия – $469,5 млн (+45,4%)
Инвестициялар ең көп тартылған салалар:
тау-кен өнеркәсібі – $12,1 млрд (+25%),
өңдеу өнеркәсібі – $5,6 млрд (+3%),
көтерме және бөлшек сауда – $5,08 млрд (+36%),
кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – $1,1 млрд (өсім – 2,1 есе),
көлік және қоймалау – $1,1 млрд (+14%),
құрылыс – $698 млн (-3%),
қаржылық және сақтандыру қызметі – $650 млн (-60%),
электрмен жабдықтау және газ беру – $635,6 млн (өсім – 2,8 есе) және т.б.
Өңірлер арасында шетелдік капиталды тартуда аса белсенділік танытып отырған өңірлер:
Атырау облысы – $8,2 млрд (+48%),
Алматы – $7,57 млрд (+11%),
Астана – $2,25 млрд (өсім – 2 есе),
ШҚО – $2,2 млрд (+3%),
БҚО – $1,12 млрд (+7%),
Алматы облысы – $698,2 млн (+47%),
Ақмола облысы – $376,3 млн (өсім – 6,3 есе),
Қызылорда облысы – $336,5 млн (+36%),
СҚО – $105,7 млн (өсім – 3 есе) және Жамбыл облысы – $62 млн (өсім – 3 есе).