Ресейліктер кетіп, қытайлықтар келуде: Қазақстанда қанша шетелдік компания жұмыс істейді

Фото: pixabay
Екі жыл ішінде Қазақстандағы қытай компанияларының саны 50%-ға өсті, ал Түркия мен Ресейлік заңды тұлғалардың саны 10%-ға азайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 6,6%-ға, 44995-ке дейін көбейді.

Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі келесі салаларға тиесілі:

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, шетелдік кәсіпорындардың өсу қарқыны жылдан жылға төмендеп келеді. Мәселен, 2021 жылы шетелдік және бірлескен меншік нысаны бар заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының санының өсуі 11,7%-ды, 2022 жылы 45,1%-ды құрады, ал 2023 жылы өсім 18,5%-дан асты.

Өсудің қазіргі баяулауы Қазақстаннан ең алдымен ресейлік компаниялардың кетуімен байланысты: 2024 жылдың 1 қаңтарында Ресей Федерациясының 19 444 компаниясы тіркелсе, бүгінде олардың саны 18 861. Осыған қарамастан, ресейлік бизнес шетелдік меншік нысаны бар барлық кәсіпорындар арасында бірінші орында. Соңғы бес жылда елде ресейлік компаниялардың саны 2,5 есе өсті.

Түркиядан келген кәсіпкерлермен де жағдай ұқсас. Бір жыл ішінде ҚР-дағы түрік ұйымдарының саны 3806-дан 3538-ге дейін азайды.

Осылайша, 2024 жылы Қазақстанда шетелдік меншік нысаны бар 457 ұйым жабылды.

Сурет: ҚР Ұлттық статистика бюросы

Бұл ретте, өзбекстандық компаниялардың саны айтарлықтай өсті – 2024 жылғы 3047-ден 4407-ге дейін (44% өсім). Қытайлық инвесторлардың да ағыны байқалды: бір жыл ішінде қытайлық кәсіпорындардың саны 2460-тан 3676-ға дейін өсті (50% – ға жуық өсім). Жалпы, Қазақстандағы қытайлық компаниялар бес жыл ішінде үш есеге жуық өсім көрсетті.

Бұған дейін халықаралық валюта қорының 2025 жылғы Қазақстан экономикасына болжам жасағандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Өздігінен қоқыс тастағаны үшін шенеуніктерге 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

"Аяз болады, боран соғып, қар бұрқасындатады": Астана мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: Экология министрлігінің басшысы өз ұстанымын білдірді

Қазақстан картопты үшінші елдерге тасуға тыйым салды

21 қаңтарда Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды